Атырау, 20 сәуір 19:16
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«“Балаларды улап жатыр” деген жалған ақпарат»

1 621 просмотра

Құлсары қаласының тұрғыны әлеуметтік желіге видео жүктеген: оның айтуынша, «Әсем» балабақшасында балалар жүрген кезде дезинфекция жүргізіп жатыр екен. Роликте автор: «балаларды улап жатыр, бұл не масқара», деп дабыл қағады. Сол жерде өзін балабақшаның шаруашылық меңгерушісімін деп таныстырған әйел дезинфекция жасаушыдан ғимаратты босатуын талап етеді. Ал ол тәрбиеленушілердің барлығы түгел далаға шығарылғанын, қауіпсіздік шаралары сақталғанын айтып жатты.  

Осыған орай «Әсем» балабақшасының директоры Разия ЖҰМАҒАЛИЕВА мынадай түсінік берді:

- 10 қыркүйек күні «Жылыой Дезсервис» мекемесі балабақша ғимаратына сағат 17.00 шамасында дезинфекция жұмыстарын жасады. Ол кезде балалар ата-анасын күту үшін аулада тәрбиешілерінің қасында болған. Видеоға түсірген ата-ананың баласы ол күні балабақшаға келген жоқ, киімдерін алып кетуге келген. «Балаларды улап жатырсыңдар» деп жалған ақпарат таратты. Жалған ақпарат таратушыға қатысты шара қолдануға жұмыстанамыз.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 қыркүйек 2021, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.