Атырау, 18 мамыр 19:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Полипропилен өндіретін «ақылды» зауыт 2022 жылы алғашқы өнімін шығарады

2 311 просмотра

10 қыркүйекте Қарабатандағы полипропилен өндіретін зауытқа Теңіз кен орнынан пропан жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.

«KPI Inc.» ЖШС басқарма төрағасы Данияр ТИЕСОВ және «Теңізшевройл» ЖШС Бас директоры Кевин ЛАЙОН қол қойған осы келісімшартқа сәйкес,  ТШО жыл сайын зауытқа 550 мың тонна пропан фракциясын жеткізіп тұрады. Зауытта шикізат пропанды сутексіздендіру қондырғысында пропилен шығара отырып өңделеді, одан кейін полимеризациялау қондырғысында дайын өнім – түйіршіктелген полипропилен алынады. Құрылысы аяқталуға жақын зауыттың іске қосу мен реттеу жұмыстарын бастауды 2022 жылдың бірінші тоқсанында жоспарлап отыр. Ол Қазақстандағы толығымен цифрланған алғашқы кәсіпорын болмақ. Барлық физикалық жұмысты роботтар атқарады, ал процесті Атырау қаласынан қашықтан «ақылды» цифрлық бейнебақылау арқылы операторлар басқаратын болады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 қыркүйек 2021, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.