Атырау, 23 желтоқсан 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Екінші сынып оқушысы инфекцияны мектепте емес, үйде жұқтырған

2 307 рет қаралды

1 қыркүйектен бастап Атырау облысында мектеп оқушысының COVID -19 жұқтырған бір жағдайы тіркелді. Бұл Исатай ауданындағы мектептердің бірінде болған. Бала оқитын сынып 14 күндік карантинге жабылды. Бұл туралы онлайн-брифингте Атырау облысы бас санитар дәрігерінің орынбасары Гүлназ ИРБАТЫРОВА мәлімдеді. Белгілі болғандай, екінші сынып оқушысы инфекцияны мектепте емес, үйде - ата-анасынан жұқтырған.

Г.Ирбатырованың айтуынша, 1 қыркүйектен 5 қыркүйекке дейін ковидпен ауырған ата-анасымен тікелей байланыста болған 88 мектеп оқушысы 14 күнге оқшауланған. Балалардың барлығында ауру симптомсыз өтуде.

Жалпы балалардың аурушаңдығына келетін болсақ, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар САДУОВА бүгінде кәмелетке толмаған бес бала стационарлық ем алып жатқанын, оның екеуінің (Құрманғазы мен Жылыой аудандарынан) жағдайы орташа күйде екенін хабарлады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 қыркүйек 2021, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.