Атырау, 25 қараша 02:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лукашенко мен Путин бірыңғай валюта жайлы пікір алмасты

1 695 просмотра

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко мен РФ президенті Владимир Путин Кремльде кездесіп, аймақтағы интеграция мәселелерін талқылады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресей мен Беларусь үшін бірыңғай валюта туралы айтуға әлі ерте, алдымен бірыңғай макроэкономикалық саясатты құрып алған маңызды, - деді Путин.

Лукашенконың айтуынша, Ресей Федерациясы мен Беларусь үшін бірыңғай валюта құрудағы мәселе - эмиссиялық орталықтың қайда орналасатындығында.

Сонымен бірге, Путин болашақта одақтық парламент құруды жоққа шығармады, "бірақ бұл - әлі талқыланбаған тақырып".

Беларусь президентімен болған келіссөздер, әдеттегідей, қарқынды және конструктивті негізге құрылды, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынас сипатына толық сәйкес келеді, - деді Ресей мемлекетінің басшысы.

Лукашенко қос ел халқының мүддесі үшін әрекет етуге ниетті екенін баса айтты.

Егер бізге одан да тығыз, яғни әскери, саяси, экономикалық интеграция қажет болса, мұны өз халқымыздың қажеттілігін байқаған бойда - Беларусь пен Ресейде жасаймыз, - деді Беларусь басшысы.

Ресей мен Беларусь Одақтық министрлер кеңесі 10 қыркүйектегі кездесуде интеграциялық құжаттардың жаңа пакетін бекітуді жоспарлап отыр.

10 қыркүйек 2021, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.