Атырау, 3 мамыр 01:50
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Мүгедектік - «электрондық үкімет» арқылы сырттай беріледі

1 422 просмотра

Мүгедектікті тағайындауды немесе ұзартуды электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы берілген өтініштің негізінде сырттай жасауға болады, деп хабарлады Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті. Еске салсақ, былтыр карантинге байланысты Атырау облысының 4 мыңнан астам тұрғынына мүгедектік мерзімі автоматты түрде 2 рет 3 айға ұзартылды.

Алғаш рет мүгедектік мерзімін автоматты түрде ұзарту ел аумағында төтенше жағдай режимі қолданыста болған кезеңде жүргізілді. Ол 2020 жылдың 15 ақпанында қайта куәландырудан өтуі тиіс жандардың барлығына қатысты болды. Екінші рет 31 тамызға дейін ұзартылды. Әрі қарай процесс әдеттегіше жүргізілді – мерзімі біткендер мүгедектікті растау үшін жылына бір рет қайта куәландырудан өтуі керек.

Биыл күрделі эпидемиологиялық ахуалға және емханалардың 17 тамыздан бастап онлайн режимдегі жұмысқа көшкеніне қарамастан, бұрын белгіленген мерзім автоматты түрде ұзартылмайды. Белгілі болғандай, бұл тетік төтенше жағдай кезінде ғана қолданылған.

- Қазіргі кезде Атырау облысының аумағында бұрын белгіленген мерзім автоматты түрде ұзартылмайды. Атырау облысының бас санитар дәрігері мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын, тұрғындар арасында COVID-19 ауруының көбейгенін ескере отырып, пациенттерді сырттай куәландыру үшін медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімдеріне жіберу ұсынылады, - дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші -қон комитеті департаментінің бөлім басшысы Эмилия ГРЕЧАНИК.

Бұл қызмет ЭСҚ көмегімен электрондық үкіметтің веб-порталында «Электрондық өтініштер» қызметі арқылы берілген электрондық өтінім негізінде жүзеге асырылады. Алайда бұл жағдайда мүгедектік бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

МӘС жүргізуге «Медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша қорытынды» (№31/у нысаны), сондай-ақ «Пациенттің/ мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының (ЖОБ) медициналық бөлігі» (№33/у нысаны) негіз болады, бұл құжаттар емханада ресімделеді.

Яғни емханалар медициналық куәландырудан өтуі қажет пациенттерді қабылдауы тиіс. Сырттай куәландыру кезінде мүгедектік тобын өзгертуге болады. Өйткені МӘС көрсетілім болса және дене функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты пациенттің денсаулығы мен тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін кешенді бағалау негізінде жүргізіледі. Құжаттарды Атырау қ., Махамбет көшесі, 118Е, 2-блок мекенжайы бойынша шектеулер жойылғаннан кейін алуға болады. Анықтама үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8 -7122-355619; 8 -7122- 355734 ішкі 105.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 қыркүйек 2021, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.