Атырау, 4 мамыр 17:12
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атырау облысында бір тәулікте 67 адамнан Covid-19 анықталды

1 262 просмотра

Атырау облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт төмендегені байқалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 67 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 41 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 12 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Индер ауданында - 11 науқас анықталған, Исатай ауданында - 1, Қызылқоға ауданында  - 1, Мақат ауданында - 1 адам. 

Коронавирус инфекциясы бар 35 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 32 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 548 адам емделді.

Қазір 5 645 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 177, екінші облыстық ауруханада – 139 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 67, кардиоорталықта - 42, т/ж ауруханасында - 35 адам, облыстық ауруханада - 12, жатақханада - 74, аудандық инфекциялық стационарларда - 204, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 255 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

7 қыркүйек 2021, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.