Атырау, 23 желтоқсан 06:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Құрманғазыға жүретін пойыз вагоны көбейді

Бейнежазба
3 027 рет қаралды

Бүгін, 6 қыркүйекте Атыраудағы теміржол вокзалынан Құрманғазы ауданына пойыз шықты. Алдыңғы рейстен ерекшелігі бұл пойыз құрамына төртінші вагон қосылған.

Бұған дейін жолаушылар пойызда орын аз деп наразылық білдірген еді.  

- Тұрғындардың сұранысына орай бүгін 52 орындық плацкарт вагонын тіркедік. Пойыз құрамында енді 266 орны бар екі плацкарт, екі жалпы вагон тұрақты жүретін болады. Тамыздың соңғы күндері оқу маусымы басталарда жолаушылар көбейіп кетті. Ал бүгін 54 орын бос болды, - деді Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Ерлан СӘРСЕНҒАЛИЕВ.

Оның айтуынша, алдағы уақытта тағы сұраныс болса бесінші вагон қосуға мүмкіндік бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

6 қыркүйек 2021, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.