Атырау, 18 мамыр 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Құрманғазыға шыққан үш вагон аздық етіп тұр

Сурет Бейнежазба
1 661 просмотра

Облыс орталығынан шалғай тұратын құрманғазылықтардың көптен зарыға күткен «Атырау-Д. Нұрпейісова» бағытындағы №631\632 жолаушылар пойызы 17 тамыздан жүре бастағанда қуаныштарында шек болмаған еді. Оларды ресми түрде облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ құттықтап, бұл бағыттағы жол қатынасы мәселесі толығымен шешілді деп мәлімдеген болатын. Бірақ бәрі ойдағыдай болмай тұр.

Себебі небәрі үш вагон тым аздық етеді. Көбі билет таба алмай жүр, таксилердің де қарасы күрт азайып кеткен, барының өзі бағаны аспандатып, бұған дейін бір жолаушыға 3-3,5 мың теңге алса, енді бағаны 5-6 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген.

Қоғамдық белсенді Әсел НҰРҒАЗИЕВАНЫҢ әлеуметтік желідегі парақшасында 28 тамыз күні теміржол вокзалы басында Құрманғазы және Исатай ауданына баратын жүздеген жолаушылардың өте қиын жағдайда қалғаны баяндалған.

- Тек үш вагон шығарған, ол не болады. Жолаушылар легін алдын ала есептеуге болмады ма? Бірер күнде балалар сабаққа барады, адамның көбі базарға келіп, керек-жарағын алуға келгендер. Енді ауылға жете алмай, сандалып жүрміз, - дейді әбден сарыла шаршап, күйінген халық.

- Пойыз бізге тиімді, бағасы да таксиге қарағанда қолжетімді. Бірақ, вагон санын көбейту керек. Билік басында біздің жағдайымызды ойлайтындар бар ма, осы? – деп сұрайды Раиса есімді келіншек.

Негізі, жақсы болсын деген еді...  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Ә.Нұрғазиева

30 тамыз 2021, 18:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.