Атырау, 28 наурыз 18:59
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Құрманғазыда жарық бағанасын ұстаған бала өлім аузынан аман қалды

Сурет
2 277 просмотра

2 қыркүйек күні Құрманғазы ауданының орталығында саябақта ойнап жүрген 11 жасар баланы тоқ соқты. Ол ауыр халде аудандық ауруханаға түсті.

Сұлтан АМАНЖОЛ жарық бағанасын ұстап, сілкінді де есінен танып қалды.

- Ауылымызда балалардың барлығы Жеңіс саябағында ойнайды. Басқа ойнайтын жер жоқ. Бір күн бұрын жаңбыр жауған болатын. Тоқтар ашық-шашық жатыр, - дейді Сұлтанның анасы Ғалия МҰРАТӘЛИЕВА. - Саябақта болған адамдар балама алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер баламды аман алып қалды – өте ауыр жағдайға тап болғандарын кейін айтты. Осыған дейін де саябақта бірнеше баланы тоқ соққан, тек ондай қатты емес. Жалғыз саябақты неге қараусыз қалдырады?

Осы оқыс оқиғадан кейін аудандық саябақ уақытша жабылған.

- Бұл саябақ 2021 жылы аудандық Мәдениет үйінің балансынан Құрманғазы ауылдық округі әкімдігінің балансына берілді, - дейді Құрманғазы ауылы әкімінің м.а. Мерей АЖИГЕРЕЕВ. – Қазір саябақ жөндеуге жабылды, мердігер компания жарық бағаналарының ақауын анықтап жатыр.

Фархат АБИЛОВ

Суретті түсірген Ғалия Мұратәлиева

7 қыркүйек 2021, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.