Атырау, 5 мамыр 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жайықтың сағасында «ұшқан» балықты түсіріп алды

668 просмотра





WhatsApp мессенджерінде Жайық өзенінің сағасында сол жерге тұрақты келушілердің (браконьер, балықшы немесе құқық қорғау органдарының қызметкері болуы мүмкін - ол маңызды емес) бірі түсірген шағын, бірақ қызықты видео тарады. Кадрларда көптеген дөңмаңдай балықтары судан атып шығып, қайыққа секіріп жатыр. Оператор да өз таңданысын білдіріп, айтуға сөз таба алмай отырды.

Түсірілімге қатысы бар дереккөз бұл жағдай браконьерлер арасында «ментовской ерик» деп аталып кеткен үшінші сол жақ ерікте болғанын хабарлады. Жақында бұл арнада тереңдету жұмыстары жүргізілген сияқты.

Сарапшылар ихтиофауна өкілдерінің мұндай мінез-құлқының бірнеше себептерін келтіреді: уылдырық шашу кезеңі, жолдағы кедергілерді жеңу, судың сапасының нашарлығы мен оттегінің жетіспеушілігі, өте жарық болған кезде, сондай -ақ қатты дыбыстар себеп болуы мүмкін дейді.

Ал үлкен үйірмен жүретін дөңмаңдай балыққа келетін болсақ - бұл қайықтағы қозғалтқыштың дыбысына әдеттегі реакциясы. Олар судан дыбыс шыққан жерге қарай бірнеше метр биікке секіріп, кейде қайыққа түсіп кетеді. 

Лев ГУЗИКОВ

18 тамыз 2021, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.