Атырау, 2 шілде 05:25
 дождьВ Атырау +20.2
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13

Вахтадан кейін пойызда «демалған»

2 248 рет қаралды

Полицейлер «Атырау-Ақтөбе» пойызынан ішімдік ішіп, шу шығарған төрт вахта қызметкерін түсіріп алды.

- Бұл пойыз бастығының актісімен жасалды. Қоғамдық орында жүрген төрт ер адам алкогольді ішімдік ішіп, басқа жолаушылардың мазасын алды, - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан ҚОБЛАНДИН.

Заң бұзушылар 25, 31, 33 және 49 жастағы мұнай компанияларының бірінде жұмыс жасайтын вахта қызметкерлері болып шықты. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Фархат ӘБІЛОВ

19 тамыз 2021, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.