Атырау, 5 мамыр 09:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Мектепке қайта оралатын болса, болды

1 938 просмотра

Егер мектеп оқушысы немесе мұғалімнен коронавирус  анықталса, онда сол сыныптағылардың барлығына бірдей жерден ПТР-тесті жасалып, карантин кезеңіне онлайн-оқуға көшіріледі.

- Бізде өткен оқу жылында індет жұқтырған мұғалімдерді анықтаудың осындай жағдайы болған. Алгоритм бір жолға қойылды – біз санитариялық-эпидемиологиялық органдарды хабардар етеміз, олардың нұсқауларын орындаймыз және бір-бірімен байланыста болғандарға ПТР-тесті жасалады. Егер басқа ешкім ауырмаған болса, онда 14 күннен кейін қайта сынама алынады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА онлайн брифингте «АЖ» сұрағына жауап бере отырып. Биылғы жылы дәстүрлі форматтағы оқу процесі облыстың санитар дәрігерінің тиісті қаулысынан кейін басталады, онда бір сыныпта оқитын оқушылардың саны белгіленеді. А.Дүйсекенованың айтуынша, бұл ретте мұғалімдер 25 оқушы деп көрсетілген стандартты санитарлық норма мен ережелерді басшылыққа алады. Сыныптардағы парталар бір-бірінен қашық орналасқан. Сабақ басталар алдында балалар топтасып, жиналып қалмас үшін мектептің барлық есіктері ашық болады. Кіре берісте дене қызуы өлшеніп, дезинфекциялық туннельдер орнатылады. Тәртіп пен маска режимінің сақталуын кезекшілер қадағалайды, сонымен қатар олар ата-аналардың мектепке кірмеуін бақылайды.

Дәстүрлі форматтан бас тартып, онлайн-білім алуға (оны қолдайтын ата-аналар да бар) мүмкіндік болмайды.

- Қауіп тек мектепте ғана емес, үйде де бар, сондықтан біз ата-аналардан балаларының денсаулығына қамқорлық жасап, екпе алуды сұраймыз, - деді А.Дүйсекенова. - Білім беру ұйымдарында тек мұғалімдер ғана емес, сонымен қатар күзет, техникалық қызметкерлер, бухгалтерия сияқты басқа да қызметкерлер екпе алады. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 тамыз 2021, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.