Атырау, 25 қараша 04:13
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ауғанстанның Қорғаныс министрі елден қашқан Президентті ұстауды талап етті

1 632 просмотра

Ауғанстанның Қорғаныс министрі елден қашып кеткен президент Ашраф Ганиді ұстап, жауапкершілікке тартуға шақырды, деп хабарлайды ЭК.

Ауғанстанның Қорғаныс министрі Бисмилла Хан Мохаммади Интерполды елден қашып кеткен экс-президентті "отанын сатқаны үшін" қамауға алуға шақырды.

ЭК осыған дейін Талибан (Қазақстанда тиым салынған ұйым) Кабулды басып алғанға дейін Ашраф Гани шұғыл түрде Ауғанстанды тастап қашқанын хабарлаған еді.

Кейін оның Өзбекстанға ұшып келген бейнежазбасы тарап, әрі қарай Оманға кеткені туралы ақпарат тараған.

18 тамыз 2021, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.