Атырау, 25 қараша 03:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәліптер Ауғанстанды жаулап алғаннан кейін Байденнің рейтингі құлдырап кетті

1 292 просмотра

АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығармай жатып, Джо Байденның рейтінгі құлдырай бастаған, деп хабарлайды ЭК.

Дүйсенбі күні ұлттық сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде АҚШ Президенті Джо Байденді қолдайтындардың саны 7 пайызға кеміген. Ересек америкалықтардың 46 пайызы ғана Президенттің жұмысына риза болып, оның қолдайды, ал қалған америкалықтардың Байденнің қызметіне көңілдері толмайды.

Тәліптердің Ауғанстан астанасы Кабул қаласына басып кіргені — елде 20 жылдан астам болған АҚШ әскерінің еңбегін, қызмет бабында қаза тапқан америкалықтардың өмірі мен салық төлеушілердің 1 триллион доллар қаржысын жоққа шығару, — деп жазды Reuters агенттігі

Сауалнама кезінде сұралған америкалықтардың жартысынан кемі Байденнің АҚШ пен Ауғанстандағы әскери операцияларды басқарғанына көңілі толады.

Вашингтон Ауғанстанды қалыпқа келтіруге 145 млрд доллар қаржы жұмсаған. Сондай-ақ әскери және полиция қызметкерлерін қолдау үшін, күштік құрылымдарды оқыту үшін 83 млрд доллар жұмсаса да, қару мен әскери техниканың көпшілігі тәліптердің қолында қалды, — деп жазды The Associated Press басылымы.

"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

18 тамыз 2021, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.