Атырау, 5 мамыр 08:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атырау мектептеріндегі үш ауысым қалай жойылады

1 972 просмотра

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА Атыраудағы үш ауысымды мектептердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты.

Сабақ үш ауысымда жүргізілетін барлық мектеп облыс орталығында орналасқан. Оларда сабақ сағат 8, 12 және 15 -те басталады деп жоспарланып отыр. Болашақта үш ауысымнан арылудың бірнеше жолы қарастырылған. Мысалы, кейбір мектептерде қосымша ғимарат салынуда. Өткен оқу жылында Нұрсая ықшамауданында №41 жаңа мектеп ашылды, онда шамадан тыс жүктелген Авангардтағы мектептердің оқушылары ауыстырылды, №40 және №37-мектептерде орыс сыныптары ашылуда (бұрын тек қазақ сыныптары болған). Жаңа Береке ықшамауданында мектеп құрылысы жүріп жатыр, ол аяқталғаннан кейін №22, 27 және 36 орта мектеп оқушыларының бір бөлігі барып оқи алады. Облыстық білім беру басқармасы келесі оқу жылында үш ауысыммен оқытатын мектеп қалмайды деп үміттенеді. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 тамыз 2021, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.