Атырау, 5 мамыр 04:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Әуезов көшесінде не өзгерді

Сурет
2 073 просмотра

Осы аптада қайта жаңғырту үшін жабылған Әуезов көшесінде көлік қозғалысына рұқсат берілді. Не өзгерді?

Бірден көзге түсетіні – жасыл-желекке тиіспеген. Сонда да бірнеше ағаш басқа жерге көшірілген.

Жолдың бетінде жаңа таңбалар пайда болды. Қазір бағдаршамның Азаттық көшесінен келетіндер үшін күту уақыты ұзартылған (жүргізушілерді бұл жаңалық қуантқан жоқ). Сондай-ақ бірнеше жерден кері бұрылуға жағдай жасалған.

Жаяу жүргіншілер жолынан бөлек, жүгіруге арналған жол салынған.

Өкінішке орай, су ағатын арық қарастырылмаған. Жаңбырлы күні су көшені басып, жаңадан салынған асфальттың сапасын сынамаса болғаны.

Әзірге автобус аялдамалары орнатылмаған. Сол себепті тұрғындар автобусты күннің астында тұрып күтуге мәжбүр. Бірақ жол белгілері қойылған.

Қоғамдық көліктер кері айналатын, әрқашан хаос секілді жағдай болып жататын осы ауданның ең соңғы аялдамасы дым өзгермеген. 

Соңғы аялдамадан көпірге дейінгі жол жөнделе ме, жоқ па, әзірге белгісіз.  

Айтпақшы,  «Балықшы» көпірі жабылуына байланысты, осы ауданға түсетін жол жүктемесі көбейеді.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

19 тамыз 2021, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.