Атырау, 21 желтоқсан 14:12
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

1 775 просмотра

24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазақстанның атынан спорттың 7 түрінен 25 спортшы қатысады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, оның жетеуі Атырау облысынан.

Бұл - дзюдошылар Әнуар Сариев, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Жанбота Аманжол мен Ғалымжан Смағұлұлы, сондай-ақ, жүзуші Ержан Сәлімгереев пен таэквондошы Нұрлан Домбаев.

Облыстық спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов ФБ-дағы парақшасында Ойындардың ашылу салтанатында Домбаевқа Қазақстан туын алып жүру тапсырылғанын жазды.

* * * * *

Орынборда дзюдодан «Orenburg Cup 2021» Еуропа кубогы өтті.

Атыраулық спортшы Бақыт Әбдусамат 60 келіге дейінгі салмақта турнир жеңімпазы атанды. Іріктеу кезеңінде ол ресейлік Егор Цветков пен итальяндық Марио Петросинодан, жартылай финалда әзірбайжандық Ахмат Юсуповтан, финалда ресейлік Саев Изнаурдан басым түсті.

100 келіден жоғары салмақта қола алқа атыраулық дзюдошы Сұңғат Закарияевқа бұйырды. Әйелдер арасында 48 келіде Абиба Абужакинова күміс алқа алды.

* * * * *

Атыраулық спортшылар Ақтауда самбодан өткен Қазақстан Кубогында спорттық және жауынгерлік бөлімдерде 5 алқадан иеленді.

Алқа алу бойынша Атырау облысының құрамасы 14 орыннан 2-орынды иеленді. «Алтын» алқа иегерлері - Сәду Мерей, Эльдар Мұхитов пен Айбек Әбділов, күміс алқаны Жұмабай Парасат пен Нұржан Байбосынов, қола алқаны - Әділхор Руслан, Айсұлтан Елеусінов, Айбар Жолдасов, Айдынбай Қайырберді және Абылай Түгелбаев иеленді.

* * * * *

Қостанайда жастар мен ересектер арасында грэпплингтен Қазақстан Кубогы (AIGA) өтті. Атырау облысының құрамасы 5 қола алқа жеңіп алды.

Нұрбек Жеңісбайұлы, Райымбек Дүйсенов, Наурыз Мижанов, Әділбек Есқалиев және Өтебай Асылхан қола жүлдегер атанды.

18 тамыз 2021, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.