Атырау, 8 мамыр 09:53
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Sinovac вакцинасы беттің уақытша салдануы қаупін арттырады - ғалымдар

1 537 просмотра

Қытайдың Sinovac компаниясы жасаған коронавирусқа қарсы CoronaVac вакцинасы беттегі жүйке жүйесінің уақытша сал болу қаупін арттырады. Бұл туралы Lancet журналында жарияланған Гонконг ғалымдары зерттеуінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Гонконг университетінің бір топ ғалымы CoronaVac вакцинасын алған 100 000 адамның ішінде, алғашқы 42 күнде беттегі жүйке жүйесінің уақытша сал ауруымен (Белла сал ауруы) 4,8 жағдай тіркелгенін анықтады.

"Біз CoronaVac вакцинасынан кейін Белла сал ауруына шалдығу қаупі артқанын байқадық", - делінген зерттеуде.

Сонымен қатар, ғалымдар мұндай жанама әсердің ықтималдығы төмен екенін және CoronaVac вакцинасының қорғаныс әсері Белла сал ауруына шалдығу қаупінен әлдеқайда жоғары екенін айтты. Сал ауруы 90 пайыз жағдайда кездессе де, оны тоғыз ай ішінде емдеуге болады, дейді ғалымдар.

Белла сал ауруы бет бұлшықетінің әлсіздігі немесе жансыздануы. Бұл зақымдалған жақ бұлшықеттерінде қызғалысты тежейді.



18 тамыз 2021, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.