Атырау, 23 желтоқсан 05:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Асығыстық жасап, аулаған балығынан айырылды

Сурет Бейнежазба
2 159 рет қаралды

Атырау облысы Құрманғазы ауданында заңсыз ауланған балықтың ірі партиясы тәркіленді.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, балықшылар қайығын 15 тамызда күндіз Иголкин каналында тоқтатқан. Бұл инспекторлардың, полиция және шекарашылардың бірлескен рейді кезінде орын алды.

Заң бұзушылық мынада: балықшылар белгіленген мерзімнен кемінде бір күн бұрын балық аулауға шыққан және осы уақыт ішінде 4,3 тонна қара балықты - негізінен сазан (2,5 тонна), сондай-ақ, ақмарқа, жайын, мөңке, шортан және көксерке балығын аулап үлгерген.

Нәтижесінде, тәркіленген балық жергілікті балық кәсіпорнына уақытша сақтауға берілді, ал әрі қарай аудандық полиция бөлімі мәселені анықтаумен айналысады.

Қайықтың нақты кімге тиесілі екені айтылмайды. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген шығын 23 миллион теңгеден асады.

Лев ГУЗИКОВ

Жайық-Каспий инспекциясы жолдаған суреттер

«АЖ» оқырманы ұсынған бейнежазба 

17 тамыз 2021, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.