Атырау, 9 мамыр 07:04
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырау облысында мектеп мұғалімдерінің 98 пайызы екпе алды

1 546 просмотра

Бұл туралы онлайн брифингте білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде облыстық білім беру басқармасының өкілдеріне ата-аналар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жаңа оқу жылына дайындық, мұғалімдерді вакциналау және мектептегі қауіпсіздік шаралары бойынша көптеген сұрақтар келіп түседі. Жергілікті мектептер, еліміздің барлық оқу орындары сияқты, дәстүрлі форматқа дайындалуда. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақталса және бас санитар дәрігердің тиісті шешімі шықса, мұғалімдер балаларды мектепте оқытуға дайын.

- Пандемия басталғалы мұғалімдерді вакциналау бірінші мәселе болды, өйткені біз үшін мектеп оқушыларының денсаулығы өте маңызды. Мұғалімдердің 100%-ының 98%-ы вакциналанған, қалған 2%-ы медициналық қарсы көрсетілімі барлар - көпшілігі декреттік демалысқа шығатын жүкті әйелдер, - дейді А.Дүйсекенова.

Қазір мектептер санитариялық-эпидемиологиялық органдардан ашылуға рұқсат алуда, олардың барлығы ережеге сәйкес санитариялық -эпидемиологиялық талаптарды сақтауы және қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сабақ кестесі адамдар көп шоғырланбайтындай етіп жасалған. Мектеп ғимаратына кіру қатаң шектеледі – оған тек қызметкерлер мен балалар кіре алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 тамыз 2021, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.