Атырау, 25 қараша 04:10
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Америкалық ұ​шақ 640 босқынды Кабулдан​ шығарды

929 просмотра

Желіде адам толып отырған ұшақ бортынан сурет жарияланды, бұл ұшақ америкалық эвакуациялық әуе кемесі делінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суретті Пентагонның баспасөз қауымдастығы вице-президенті Маркус Вайсгербер Тwitter желісінде жариялады. Кадр 15 тамызда кешкі уақытта түсірілгені айтылады.

Суретте Ауғанстаннан АҚШ-қа ұшатын америкалық көлік ұшағының салоны бейнеленген. Бастапқыда адамдарды бұлайша бортқа алу жоспарланбағаны атап өтілді, бірақ елден кеткісі келетін ауғандардың ағынын тоқтату мүмкін болмапты. Нәтижесінде, Вайсгербердің айтуынша, ұшақ салонына шамамен 640 босқын жиналған.

JUST IN: "The Crew made the decision to go" — Inside RCH 871, which saved 640 from the Taliban ... from @TaraCopp and me https://t.co/r4YvGqJZ4b pic.twitter.com/CI1mAmqjHT
— Marcus Weisgerber (@MarcusReports) August 16, 2021

Еске салайық, тәліптер елдегі билікті тез басып алуына байланысты Ауғанстан астанасы Кабулда дүрбелең болып жатыр. 16 тамызда жүздеген адам елден кетуге тырысып, Кабул әуежайына жиналған.

Кейінірек жұрт елден кетуге тырысып, ұшақтың қаптамасына жабысып жатқаны түсірілген видео пайда болды. БАҚ әуежайдағы тәртіпсіздік кезінде кем дегенде 7 адам қайтыс болды деп хабарлайды. Олардың қатарында америкалық әуе кемесінің шассиіне жармасқандар да бар.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты.

17 тамыз 2021, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.