Атырау, 10 мамыр 01:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Атырау емханалары қашықтан жұмыс жасауға көшті

1 480 просмотра

16 тамыздан бастап Атырау емханалары қашықтан қызмет көрсету форматына көшті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің барлық объектілері (емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар) пациенттерді жоспарлы қабылдауды уақытша тоқтатты.

Науқастарды жоспарлы қабылдау дегеніміз - скрининг, медициналық тексеру, дәрігерлердің профилактикалық тексерулері.

Денсаулық сақтау басқармасының 2021 жылдың 16 тамызындағы №16-4-3/3591 бұйрығының негізінде емхана тек жедел науқастар үшін жұмыс істейді. Халықтың денсаулығына қатысты сұрақтар тіркеу бөліміне хабарласу арқылы онлайн форматында шешіледі. Биыл да былтырғыдай өзіміздің учаскелік және емдеуші дәрігерімізбен қоңырау мен бейнебайланыс арқылы жолығамыз. Медицина қызметкерлері өткен күннен тәжірибе жинап, қоңырауға жауап беріп, халыққа барынша көмектеседі деп сенеміз. Былтыр емхана дәрігерлері қашықтан қызмет көрсетуге көшіп, науқастың көбі оларға хабарласа алмай, өтініштеріне ешкім құлақ түрмей қалған еді.

Әр емхананың сайтында бөлек байланыс телефон нөмірлері көрсетілген. Емханалардағы  егу пункттері демалыссыз жұмыс істейтін болады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА 

17 тамыз 2021, 08:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.