Атырау, 10 қазан 16:24
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы Атырау облысына жеткізілді

1 356 просмотра

Қытайлық вакцина 17 тамыздан бастап өңірдің он бес егу пунктінде қолжетімді болады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 
Бүгін, 16 тамызда Атырау облысының фармацевтикалық қоймасына Vero Cell вакцинасының алғашқы 10 мың I және II компоненті (әрқайсысының 5 мың дозасынан) келді. Қазір Қытай вакцинасын аймақтың егу пункттері бойынша бөлу жұмыстары жүріп жатыр. 
- Vero Cell вакцинасы 17 тамыздан бастап облыстың он бес егу пунктінде халыққа қолжетімді болады. Бұл ретте I және II компоненттер арасындағы вакцинация интервалы 21-28 күнді құрайды, - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 SARS-CoV-2 (VeroCell) вакцинасын мақұлдағанын ескеру керек.
Вакцинаның клиникалық сынақтары бірнеше елдерде жүргізілді. Үшінші кезеңнің нәтижелері коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі 79% екенін көрсетті. ДДҰ бұл вакцинаны 18 жастан асқан ересектерге қолдануға кеңес береді.
13 тамызда Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов Vero Cell препаратымен вакцинациялау туралы қаулы шығарды.
Vero Cell қытайлық вакцинасының қарсы көрсетілімдері бар: оны 18 жасқа толмаған адамдарға, жүкті және бала емізетін аналарға, аллергияға, эпилепсиясы, Гийена-Барре синдромы бар науқастарға салуға болмайды.
Өндірушілер елеулі жанама әсерлерді анықтаған жоқ, бірақ вакцинаны  сақтықпен қолдану керек:
1) жіті , созылмалы аурулар асқынғанда. Қажет болса, вакцинацияны дәрігер кейінге қалдырады;
2) қант диабетімен ауыратындарға, егер анамнезінде эпилепсия,  энцефалопатия, психикалық аурулар болса;
3) вакцинаны бұлшықетке енгізу кезінде пайда болуы мүмкін қан кету қаупіне байланысты қанның қоюлануы және тромбоцитопения бұзылулары бар болса;
4)  иммундық жүйенің төмендеуі, қатерлі ісік, нефротикалық синдром, ЖИТС  науқастар (бұл адамдарда вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтер алынған жоқ)

Жиі пайда болатын жағымсыз әсерлер:
1) өте жиі: инъекция салған орындағы ауырсыну, бас ауруы;
2) жиі: қызу көтерілу, шаршау, миалгия, артралгия, жөтел, ентігу, диарея, ;
3) жиі емес: қызару, ісіну, бөртпе, қышыну реакциялары, бас айналу, анорексия, құсу, жұтқыншықтағы ауырсыну сезімі, дисфагия, тұмау, іш қату, жоғары сезімталдық;
4) сирек: эритема, жедел аллергиялық, ұйқышылдық, түшкіру, назофарингит, мұрынның бітелуі, тамақтың құрғауы, тұмау, тітіркендіргіштерге төмен сезімталдық (гипестезия), аяқ-қолдың ауыруы, жүрек соғысының жиілеуі, іш аймағындағы ауырсыну, бөртпе, терінің және шырышты қабықтардың қалыптан тыс жай-күйі, безеу, көздің ауруы (офтальмодения), құлақтың жағымсыз сезімі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфаденопатия);
5) өте сирек: қалтырау, дәм сезу қабілетіндегі өзгерістер,  дәм сезбеу, қышу сезімі (парестезия), діріл, аңғарымпаздық концентрацияның бұзылуы, мұрыннан қан кету, демікпе, тамақтың қышуы, тонзиллит, физикалық ыңғайсыздық, мойын мен жақтың ауыруы,  ауыз қуысының шырышты қабығындағы  жаралар, тіс ауруы, өңештің бұзылуы, гастрит белгілері,  көздің ауыруы (офтальмодения), бұлыңғыр көру, көздің тітіркенуі, құлақтың ауруы,  жоғары қысым, төмен қан қысымы, зәр шығару жүйесінің бұзылуы, етеккірдің кешігуі.

16 тамыз 2021, 21:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.