Атырау, 10 мамыр 06:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қамыскөл құрғап, сасық иіс жайлаған

Сурет Бейнежазба
3 026 просмотра

Жылыойлықтар үшін жалғыз көл Қамыскөлдің басына да қара бұл үйірілді. Арнасы тартылған көлдің қазіргі мүшкіл қалі адам аярлықтай дәрежеде.

Соңғы үш жылдан бері Мұғаджар тауынан табиғи судың жартымсыз келуі көлдің жағдайын күрделендіріп жіберген.

- Су келіп құймағасын ба, шірік иіс адамды тұншықтыруда. Кешкілік көлге жақындау мүмкін емес, - дейді жергілікті тұрғындар.

Арнасы тартылған көлге жеке демалушылар да оң қабақ танытпауда. Жағасындағы түрлі қоқыстар әр жерде үйіліп жатыр.


- Қамыскөл Жем өзенінен келетін Бақашы мен Құрсайға тәуелді. 1961 жылы Жемге 350 млн текше метр, 2020 жылы 44 млн текше метр су келген екен, - дейді Жылыой ауданы әкімі Халел ЖАМАЛОВ. - Осыдан-ақ білуге болады, судың қаншалықты азайып кеткенін. Соңғы айлардағы күннің шамадан ыссылығынан да көл тартыла бастаған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

17 тамыз 2021, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.