Өткен сенбіде Гаитидегі магнитудасы 7,2 балл жер сілкінісінен өлгендер 1297-ге жетіп, 5,7 мыңға жуық адам жараланған. Бұл ақпаратты 15 тамызда Гаитидің Азаматтық қорғаныс қызметі таратты, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Бұған дейінгі хабарларға қарағанда өлім-жітім жер сілкінісінің негізгі ошағына жақын маңда көбірек болған.
200 мың халқы бар Жереми қаласының орталығында негізінен бір қабатты үйлер құлаған. Көп қабатты қонақүйлері қираған Ле-ке қаласы да зардап шеккен.
Гаити премьер-министрі елде төтенше жағдай жариялаған. Халықаралық гуманитарлық ұйымдар, дәрігерлер мен құтқарушылар барып жатыр.
Аралда орналасқан Гаити бүгін, 16 тамызда Кариб теңізінен соғатын шторм күтіп отыр. АҚШ-тың Дауылды зерттеу орталығы (NHC) Гаитидің кейбір аудандарын су алып кетуі мүмкін деп мәлімдеді.