Атырау, 25 қараша 03:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Билікке келген тәліптер Ауғанстан атауын өзгерткелі жатыр

1 134 просмотра

Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жарияламақшы, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "Талибан" қозғалысының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды ABC News.

1996-2001 жылдар аралығында Талибан билігі кезінде Ауғанстан мемлекеті осылай аталды. Кейіннен АҚШ күштері терроризмге қарсы науқан аясында Ауғанстанға келіп, тәліптерді биліктен айырды.

Бұған дейін республика президенті Ашраф Ғани отставкаға кетуге келісіп, елден кеткені белгілі болды. Мемлекет басшысы Президент әкімшілігі басшысымен және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен бірге Тәжікстанға кетті деген болжам бар. Басқа ақпарат көздері Өзбекстан мен Оманның атын атайды.

Осыдан кейін тәліптер Кабулға кірді, президенттік сарайды басып алды, енді олар мемлекеттің бұрынғы атауын қайтарғалы жатыр.

16 тамыз 2021, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.