Атырау, 10 қазан 17:22
 ашықВ Атырау +9
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Шаңды басуға арналған «қызық» тәсіл

Бейнежазба
2 163 просмотра

Әлеуметтік желіде қайта жаңғыртылып жатқан «Атырау-Астрахан» тас жолының Исатай ауданы Исатай ауылы тұсындағы қосалқы жолда шаң болдырмау мақсатында судың орнына мұнай қалдығын шашып жатқаны жөнінде видео жарияланды.

Осыған орай «АЖ» Исатай ауданы әкімдігіне сауал жолдап, аудан әкімі Полымбет ХАСАНОВТЫҢ қолымен төмендегідей жауап алды: «15.08.2021 ж. WhatsApp мессенджерінде қайта жаңғыртылып жатқан «Ақтобе - РФ шекарасы» трассасының қосалқы жолын мұнай қалдықтарымен ластау фактісі бойынша бейнежазба тарады. Бейнежазба авторының айтуынша, қосалқы жолдағы шаңды басу үшін оны су таситын көліктер жүзеге асырып жатыр.

Аталған факті Исатай ауданы полиция бөлімшесінде тіркеліп, бейнежазба Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы А.М.Бекмұхамбетовке жолданды. Тексеру  жүргізіледі».

Дайындаған Ляззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды  


16 тамыз 2021, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.