Атырау, 19 мамыр 05:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Теңізде вахталық ауысым тоқтатылды

2 558 просмотра

Осы аптаның басынан «Теңізшевройл» негізгі деп саналмайтын қызметкерлер ауысымын жағдай тұрақтанғанша уақытша тоқтатты.

Біз компания өкілдерінен қызметкерлер ауысымы қанша уақытқа тоқтатылғанын, сондай-ақ, қазір қосымша ауысымда қалатындардың еңбегі қалай төленетінін және өз ауысымымен жұмысын бастай алмайтындар үшін жалақы қалай төленетінін сұраған едік. ТШО-дан ресми жауап алдық:

«“Теңізшевройл” қызметкерлері арасында COVID-19 таралуын азайту үшін 9 тамыздан бастап Теңізде негізгі деп саналмайтын персоналды қайта жұмылдыру және қайта ауыстыру уақытша тоқтатылды. Бұл уақытша шара қазір Теңізде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жасап жатқан жұмысшыларға қатысы жоқ. ТШО COVID-19 ахуалына үнемі баға беріп отырады және Қазақстанда жұқтыру көрсеткішінің негізінде шешім қабылдайды. Бұдан басқа, өз қызметін ҚР санитариялық нормаларға сәйкес жүргізеді. ТШО-ның өндірістік жұмысы қалыпты режимде жалғасуда, ал компания  бұрынғыша ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыстарының қауіпсіз орындалуына ерекше назар аударады».

ТШО осы компанияның «ішкі саясатына байланысты» жалақы төлеу жөніндегі сұрақтарға жауап бермеді.

Соңғы күндері Теңіз кен орнында аурушаңдықтың көбейгені байқалады. Бұл жерге ковид қандай жолмен жетіп отыр, қызметкерлердің 90%-дан астамы вакциналанған, одан бұрын ауысым алдында ПТР-сынамадан өткен ғой, деген сұрақ туындайды. ТШО бұл сұраққа жауап бере алмады, өйткені компания «вирустың таралу себебін тексеруге өкілетті емес».

Жазбаша жауапқа сәйкес, қазіргі уақытқа дейін Теңіз қызметкерлерінің арасында 600 мыңға жуық ПТР сынамалары жүргізілді. Бұдан басқа, вакциналау бағдарламасы жалғасуда – бүгінгде 45 мыңнан астам жұмысшы вакцинаның бірінші дозасын алды. Персоналды бөлу (тұрғынжайларда, көлікте және жұмыс орындарында), ПТР сынама және оқшаулауды қамтитын қазіргі қауіпсіздік шаралары сақталады.

Естеріңізге салсақ, былтыр көктемде облыстағы аурушаңдықтың негізгі көрсеткіші Теңізде тіркелді. Ол кезде вахтаға кірер алдында міндетті ПТР-сынаманы қарастыратын қайта ауысымның жаңа ережелері мен карантин енгізілмеген еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

13 тамыз 2021, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.