Атырау, 25 қараша 04:14
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайда коронавируспен күресте селқостық танытты деп 70 шенеунік жазаланды

1 620 просмотра

Қытайда коронавирустың таралуымен күресте селсоқтығы үшін Қытайдың 70 шенеунігі жазаланды. Шенеуніктердің жұмыстағы селсоқтығынан КВИ-дің «дельта» штамы Қытайдың 31 провинциясының жартысынан көбіне таралып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен бейсінбіде Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында осы жылдың мамыр-маусым айларында COVID-19-бен күресте өзінің қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін 20 жергілікті шенеунік жазаланды. 

Ресми мәлімдемелерге сәйкес, 2021 жылдың шілдесінде Цзянсу, Хэнань және Хунань провинцияларында КВИ-дің «дельта» штамының өршуіне байланысты жергілікті билік органдарының, денсаулық сақтау жөніндегі комиссиялардың, ауруханалар мен әуежай басшыларын қосқанда 47 лауазымды тұлға селқостығы үшін жазаланған. 

Айта кетсек, коронавирустың «дельта» штамының өршуі Қытайдың 17 провинциясына таралған. Қазіргі кезде шілденің ортасынан бастап КВИ жұқтырудың 1 000 жағдайы тіркелген.

13 тамыз 2021, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.