Атырау, 19 мамыр 05:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырау облысында бір тәулікте 470 адам Covid-19 жұқтырған

1 845 просмотра

Исатай ауданында аурудың күрт өсуі байқалады деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 470 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 302 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 40 науқас, Индер ауданында - 18, Исатайда - 31, Қызылқоға ауданында - 12, Құрманғазы ауданында - 19, Мақат ауданында - 10, Махамбет ауданында - 8 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 332 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 138 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 283 адам емделді.

Қазір:

  • 6 564 адам үй жағдайында, 
  • модульдік ауруханада - 194,
  • екінші облыстық ауруханада – 190 пациент,
  • фтизиопульманологиялық орталықта - 95,
  •  кардиоорталықта - 100, 
  • т/ж ауруханасында - 107 адам,
  • аудандық инфекциялық стационарларда - 419, 
  • облыстық ауруханада - 137,
  • жатақханада - 126, 
  • Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 409 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

13 тамыз 2021, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.