Атырау, 19 мамыр 07:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақ сыныптарында білім сапасы жоғары

2 212 просмотра

Биыл Атырау облысының мектептері жаңа кадрлармен толығуы тиіс - әкімдік гранты бойынша білім алған жоғары оқу орындарының түлектері үйлеріне оралады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА мәлімдеді.

Бүгінде өңірімізде 197 мектеп пен 150 балабақша бар. Ал жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтарды іздеу және іріктеу, жас мамандарды жұмысқа қабылдау алгоритмі ең өзекті мәселе болып отыр. Біздің облыс 2017 жылдан бастап 4 жыл қатарынан талапкерлер арасында байқау өткізіп, тегін білім гранттарын бөлді. Олар басқарманың белгілі бір мамандар қажет екенін негіздеген өтінімдерді талдау бойынша таратылды. Грант бөлу кезінде бірінші кезекте талапкердің оқу үлгеріміне, ҰБТ нәтижесіне назар аударылды, содан кейін әлеуметтік мәртебесі ескерілді. Ұпайлар тең болған жағдайда көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына басымдық берілді, марапаттаулар - «Алтын белгі», «Үздік аттестат» төсбелгілері де рөл атқарды. Студенттерге оқу бітіргеннен кейін туған жерге оралып, дипломды тегін алуға мүмкіндік берген басқармада жұмыс істеу міндеті қойылды.

- 2017 жылы облыс 222 грант бөлді, оның 178-і педагогикалық мамандықтарға. Мұның алдында қысқа мерзімде қандай мамандар қажет деп, білім беру ұйымдарына мониторинг жүргіздік. Осы ақпарат негізінде конкурс өткізілді. Содан кейін талапкер, университет және білім беру басқармасы арасында үшжақты келісім жасалды. Бүгінде біздің бағытымыз бойынша 178 түлектің бәрі педагогикалық жұмысқа орналасуда. Бірақ бізде әлі де орыс тілді сыныптар үшін мұғалімдер жетіспейді, - дейді А.Дүйсекенова.

Анықтама үшін: 2018 жылы облыс 245, 2019 жылы 250, 2021 жылы 89 білім грантын бөлді. Басымды сала - медицина, спорттық педагогика және ауыл шаруашылығы.

Атырау қаласы, Жылыой және Махамбет аудандарының мектептерінде кадр тапшылығы көп сезіледі.

Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Аманбай ХҰСЫНОВ Атырау мектептеріне биыл 413 педагог қажет, оның 331-і орыс тілді сыныптарға керек екенін атап өтті. Бастауыш мектепке 100 мұғалім қажет, жоғары сыныптарға математика, орыс тілі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері де жетіспейді. Мектепке дейінгі мекемелер де мамандардың тапшылығынан зардап шегуде: қазақ топтарына 58 тәрбиеші, орыс тобына 29 тәрбиеші қажет.

- Кадр тапшылығы білім сапасына әсер етеді. Соңғы уақытта орыс сыныптарында білім сапасының төмендеп, қазақ сыныптарында білім сапасының жоғарылағаны байқалады. Бәлкім, бұл қазақ сыныптарына мықты педагогтардың келуіне байланысты шығар, олардың арасында магистратураны бітіргендер де бар. Сондықтан, бүгінде ата-аналарға балаларын қазақ тілді мектепке бергені дұрыс, - деп санайды А.Хусынов. - Атырауда бүгінде тек орыс тілінде оқытатын 2 мектеп бар - Ломоносов атындағы және №17 мектеп-лицей. Қалғаны - қазақ тілінде және аралас тілде оқытады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 тамыз 2021, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.