Атырау, 19 мамыр 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Аудандағы ахуал: дәрігерлер құтқарып әлек, ал халық той тойлап жүр

1 817 просмотра

Индер ауданында коронавирусқа қатысты ахуал облыстың басқа аудандарына қарағанда көңіл көншітер емес. Индербор ауданында 387 адам ауруға шалдыққан, Есбол, Жарсуат, Бөдене ауылдарында да науқастар саны басым. 11 тамыздың өзінде 15 адам коронвирусқа шалдыққан. 50  орындық КВИ стационарында 30 науқас емделуде.

- Оның ішінде жағдайы өте ауыр 3, жағдайы ауыр 11, жағдайы орташа ауыр 16  науқас бар. Үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға уақтылы көмек берілуде. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Кейбір науқастар сырқатының ауырлығына қарай облыс орталығына жіберіледі, – дейді аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы Самал ИСАҒАЛИЕВА.

- Өкпесі 90 пайызға қабынған сырқатты аман алып қалу мүмкіндігіне қол жеткіздік, - дейді аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушсі Ильяс ҒАБИТҰЛЫ. - Жалпы сырқаттанушылар тарапынан үй жағдайында өздерін емдеу жүргізіп, асқындырып алу жағдайы көп кездесуде. Әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа сүйенетіндер көп.

Өткен жылы ковидтен 7, биыл 10 адам қайтыс болды, дені жасы келген адамдар. Дәрігерлердің айтуынша індетке шалдыққан адамдардың 80 пайызы той, садақа, жалпы көпшілік орындардан ауру жұқтырып алғандар.

Жергілікті әкімдік те облыс орталығындағыдай рейд жүргізіп тұрады – жыл басынан бері карантин шектеулерін бұзған жеке тұлғалар мен мекемелерге біршама айыппұл салынды. Дегенмен ауданда той, садақа, отырыстарды жасырын өткізу, сауда орындарында маскасыз жүру тиылған жоқ. Бұған не шара?

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

12 тамыз 2021, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.