Атырау, 10 қазан 18:33
 ашықВ Атырау +9
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

«Қазір ИВЛ-ға қосылғандардың ешқайсысы вакцина алмаған. Бұл ойланатын жағдай»

1 813 просмотра

Атырауда вакцина алуы тиіс тұрғындардың 58%-ы, ал Жылыой ауданында 17%-ы ғана егілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ онлайн-брифингте аймақтағы коронавирусқа қарсы вакциналау  қарқыны туралы айтты.

- Пандемия басталғалы облыста 39 756 адам ауру жұқтырды, оның 60%-ы симптомсыз ауырған.  Биыл ауру шілдеде көбейді. Өткен айда 9445 жағдай тіркелсе, тамыздың бірінші онкүндігінде 4379 жағдай тіркеліп отыр. 59% жағдайда клиникалық белгілермен шағымданған. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар арасында профилактикалық тексеру кезінде ауру жұқтыру жиілігі 15-20% болды. Бұл эпидахуалдың қатты нашарлағанын білдіреді, - деп атап өтті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлназ ИРБАТЫРОВА. – Мәселен, 10 тамызда ауру жұқтырған 618 адам тіркелді, оның 380-інде клиникалық белгілер байқалады. Ауру жұқтыру жағдайының басым бөлігі Атырауда (60%). Теңіз кенішін қоса алғанда Жылыой ауданында аурудың көбейгені байқалады.

Ал А.Байдуәлиевтің айтуынша, вакциналау бойынша облысымыз республикада соңғы орында. Екпе алғандардың саны өсуде, бірақ баяу. 28 шілдеден 3 тамызға дейін 9285 адам, 4-10 тамыз аралығында - 10 277 адам вакцина алған.

Құрманғазы ауданында халықтың 44,7%-ы екпе алды, Исатай - 34,4%, Қызылқоға - 33,9%, Махамбет - 32,7%, Индер - 32%, Мақат - 24%, Жылыой - 17%.

Вакциналауға жататын 8 санат бойынша азаматтар, ең алдымен, дәрігер, прокурор мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің екпе алуы 100%-ға жеткен. Ең төменгі көрсеткіш студенттер арасында (40%) байқалады.

- Біз талдау жүргіздік - қазір жансақтау бөлімшесінде жатқан 83 науқастың ешқайсысы вакцина алмаған. Бұл ойландыратын жағдай, - деп сөзін түйіндеді А.Байдуәлиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 тамыз 2021, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.