Атырау, 10 қазан 18:27
 ашықВ Атырау +9
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Теңіз түгелге жуық вакцина алды

1 873 просмотра

«Ashyq» бағдарламасына қосылмаған әлеуметтік-экономикалық нысандар 18 сағатқа дейін; осы мобильді қосымшаны қолданатындар - сағат 22:00-ге дейін, ал «Ashyq» көшбасшылары - түн ортасына дейін жұмыс істеуге құқылы. Бұл туралы Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Әлия БЕКЕШЕВА онлайн-брифинг барысында бас санитар дәрігердің 11 тамыздағы жаңа қаулысына енгізілген өзгерістер жайлы айтқан кезде мәлімдеді.

Тағы бір жаңалық қызметкерлері вахталық негізде жұмыс істейтін ұйымдардың ауысымдық алгоритміне қатысты. Енді вакцина алғандар нысанға кірерде және вахта аяқталғаннан кейін ПТР сынамасын тапсырмайды. Бұдан басқа, вакцина алған қызметкерлер вахта аяқталғаннан кейін оқшауланбайды. Теңіз кен орнында вакцина алғандар саны 92,7% екенін атап өтеміз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

12 тамыз 2021, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.