Атырау, 10 қазан 18:22
 ашықВ Атырау +9
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Құлсарыдағы жұқпалы аурулар ауруханасы пациенттер қабылдап жатыр

1 299 просмотра

Құлсарыдағы модульді аурухана әлі ресми түрде пайдалануға берілген жоқ, бірақ науқастарды қабылдап жатыр. Бұл туралы онлайн-брифинг кезінде сұрақтарға жауап берген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ хабарлады.

Оның айтуынша, аурухана 99% дайын, барлық коммуникация жүргізілген, желдету жүйесі мен оттегі станциясы жұмыс істеп тұр. Естеріңізге салсақ, аурухана өткен аптаның соңында пайдалануға берілуі керек еді. Бұған дейін оған облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ пен ТШО бас директоры Кевин ЛАЙОН бастаған ресми делегация келді. Олар ол жерден көптеген кемшілік тапты - атап айтқанда, желдету жүйесі дұрыс қосылмаған, мүмкіндігі шектеулі жандардың беті-қолын жууға арналған орын талапқа сай емес, жатақханада дәрігерлер үшін демалатын орын жоқ. Мердігер тез арада бұл олқылықтарды жоюға уәде берді.

- Аурухана 200 кереуетке есептелген, онда дәрігерлерге арналған 100 орындық жатақхана, жеке тамақтану бөлімі мен кір жуатын орын бар. Аурухана ресми түрде пайдалануға берілген жоқ, құжаттар дайын емес. Бірақ эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты науқастарды уақытша орналастыруға шешім қабылдадық, - деді А.Байдуәлиев.

11 тамыздағы жағдай бойынша скринингтік тексеру нәтижесінде Теңізде 65 жағдай, Жылыой ауданында 58 жағдай анықталды, 1 науқас қайтыс болды. Айта кету керек, вакциналанған адамдардың ең төменгі пайызы (17%) Жылыой ауданында.
 
Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 тамыз 2021, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.