Атырау, 10 қазан 18:22
 ашықВ Атырау +9
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

​Атырауда жастар көлікке мінгесіп, туған күн атап өтті

Бейнежазба
2 058 просмотра

Әлеуметтік желіде мынадай бейнежазба пайда болды: жас қыз қозғалып келе жатқан Тойота автокөлігінің капотында отыр, одан кейін «Лада» көлігінің төбесі, капоты және жүк салғышын ашып қойып, мінгесіп алған жігіттер мен қыздар үйдің қасына келіп тоқтайды.

- 9 тамызда түнгі сағат үштер шамасында Атырау қаласындағы Жерұйық ықшамауданында жастар «Toyota Camrу» және «Lada 21725» автокөліктерінің капотына және төбесіне шығып, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекет жасады. Тексеру кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтады - олар 18 және 19 жастағы азаматтар. Олар өз кінәсін мойындады, бұл әрекетті достарының туған күніне орай жасағанын түсіндірді, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

19 жастағы Toyota жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 3-бөлігімен («Жыл ішінде бірнеше рет жасалған жолаушыларды тасымалдау бойынша талаптарды орындамау») және 612-бабы 1-бөлігімен ("Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы") жазаланып, оған 29 170 теңге айыппұл салынды. Ал 18 жастағы «Лада» жүргізушісі 590-баптың 10-бөлігі ("Жыл ішінде бірнеше рет жасалған көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу") және сол сол  593-баптың 3-бөлігі бойынша 43 755 теңге айыппұл салынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Бейнежазбаны ПД баспасөз қызметі ұсынды

12 тамыз 2021, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.