Атырау, 6 маусым 22:38
 дождьВ Атырау +25
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Протасевич Тихановская туралы не ойлайтынын айтты

1 399 рет қаралды

NEXTA Telegram-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич RT арнасына берген сұхбатында Светлана Тихановская туралы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Протасевич Тихановская "қарапайым және тым ақкөңіл адам" екенін айтты. Ол оны саясаткер деп санамайды.

"Жоқ (ол саясаткер емес - ескерт.) және ешқашан болмайды", - деді Протасевич.

Осы сұхбаттың тағы бір үзіндісінде ол Тихановскаяға штабқа жұмысқа барғанына өкінетінін мойындады.

"Бұл - мен өкінетін нәрсе. Өйткені мен саясатқа араласып, оған батып кеттім. Журналист болып, біршама публицистика, тіпті насихат жобаларымен айналысу бір бөлек. Саяси құрылымдарда болу мүлде басқа нәрсе", - деп түсіндірді Протасевич.
12 тамыз 2021, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.