Атырау, 12 мамыр 23:09
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Атырау облысында халық санағына дайындық аяқталды

1 405 просмотра

Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы Галя МҰҚАНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, дайындыққа 170 интервьюер жұмылдырылған. Олар тұрғын үйлердің, басқа ғимараттар мен тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасап, тұрғындардың санын нақтылады.

- Облыста Ұлттық статистика бюросының ақпараттық жүйесіне 176 389 объект енгізілді. Аралау қорытындысы бойынша 175 641 объект немесе жоспарланған мөлшердің 99,6%-ы анықталды, - дейді Г.Мұқанғалиева. Оның айтуынша, жұмыста қиындықтар туындаған. Атап айтқанда, көп жерлерде көше атаулары мен үй нөмірлері жазылған белгі жоқ. Бұдан басқа, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы ұсынған елді мекендердің схемалық карталарында кейбір объектілер көрсетілмеген.

Ұлттық халық санағының негізгі кезеңінде біздің өңірде 913 адам (114 нұсқаушы-бақылаушы және 799 интервьюер) уақытша жұмысқа тартылады. Оларға мынадай талап қойылады: ҚР азаматы, 18 жастан жоғары, компьютерде жұмыс істей білуі, және коронавирусқа қарсы вакцина алғаны өте маңызды.

Естеріңізге салсақ, ұлттық санақ 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін аралас - онлайн режимінде және планшеттердің көмегімен өтеді.

Фархат ӘБІЛОВ

11 тамыз 2021, 22:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.