Атырау, 13 мамыр 23:40
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Құрманғазыға бір аптадан соң пойыз шығады

1 932 просмотра

Тамыздың екінші жартысында Атыраудан Құрманғазы ауданына көптен күткен жолаушылар пойызы жолға шығады.

Атырау мен Құрманғазы арасындағы теміржол байланысы қажет екені көптен бері қозғалып келе жатқан мәселе. Астрахань трассасының ойлы-шұқырлы жол төсемінің сапасын бәрі біледі. Бұл трассада кісі өліміне әкелетін жазатайым оқиғалар жиі орын алады. Күні кеше ғана такси жолаушысы тірілей өртеніп кеткен еді.

13 шілдеде облысішілік Атырау - Д.Нұрпейісова станциясы бағытында теміржол тасымалдаушысын анықтау конкурсы жарияланды. Өтінімді 5 ұйым ұсынды, нәтижесінде тендерді маңғыстаулық «Otpan Logistic» ЖШС ұтып алды. «Otpan Logistic» жеке тасымалдаушы мен Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арасындағы келісімшарт бір апта бұрын жасалды. Пойыздың іске қосылатын болжамды уақыты - 16-18 тамыз. Кестені теміржолшылар басқа пойыз составтары қозғалысын ескере отырып бекіткен. №631 «Атырау - Д.Нұрпейісова станциясы» күнделікті пойызы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12.00-де шығады (Құрманғазы ауылына 15 минут тоқтайды), №632 «Д.Нұрпейісова станциясы - Атырау» пойызы сағат 19.42-де кері шығады. Пойыз үш вагоннан тұрады - бір плацкарт және екі жалпы вагон. Билет бағасы әлі бекітілген жоқ, бірақ жақын күндері шешіледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

11 тамыз 2021, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.