Атырау, 23 желтоқсан 01:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атыраудағы жатақханалар

1 687 рет қаралды

Апатты жағдайда болып, сүрілген жатақханалардың орнында инвесторлардың қаражатына көпқабатты тұрғын үйлер бой көтермек. Бұл туралы «АЖ» сауалына берген қала әкімдігі баспасөз қызметінің жауабында жазылған.   

Сонымен қатар 2019-2020 жылдары Құнанбаев көшесі №13 және Досмұхамбетов көшесі №15 жатақхана, Гагарин көшесі №124, Геолог селосы №65 және №66, Құнанбаев көшесі №30а, Молдағалиев көшесі №30, 33а, Төлебаев көшесі №44 жатақхана тұрғындары Береке мен Нұрсая ықшамауданындағы жаңа үйлерге қоныстанды.

Бүгінде 4 жатақхана (Құнанбаев көшесіндегі №13, Досмұхамбетов көшесі және Геолог селосында) құлатылды. Алдағы уақытта Гагарин көшесіндегі №124 және Молдағалиев көшесіндегі №33а жатақханалар сүріледі. Ал,Құнанбаев көшесі №30а, Молдағалиев көшесі №30, Төлебаев көшесі №44 жатақханаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, баспана алуға кезекте тұрғандарға беріледі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

12 тамыз 2021, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.