Атырау, 13 мамыр 21:36
 бұлттыВ Атырау +11
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Атырау облысында бір тәулікте 618 адам Covid-19 жұқтырған

1 538 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында  байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 618 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 423 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 65 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 58 науқас, Индер ауданында - 15, Исатайда - 16, Қызылқоға ауданында - 11, Құрманғазы ауданында - 16, Мақат ауданында - 6, Махамбет ауданында - 8 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 380 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 238 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 284 адам емделді.

Қазір 6 428 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 180, екінші облыстық ауруханада – 195 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 96, кардиоорталықта - 98, т/ж ауруханасында - 106 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда - 395, облыстық ауруханада - 121, жатақханада - 124, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 410 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

11 тамыз 2021, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.