Атырау, 25 сәуір 10:27
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ескі ықшамаудандағы қанды шабуыл

2 451 просмотра

29 шілде күні Жылыой ауданы Құлсары қаласында белгісіз біреу егде жастағы әйелдің үйіне келіп, бірнеше жерінен пышақтап, қашып кеткен. 

Оқиға қаланың «ПНГС» ықшамауданындағы екіқабатты үйде орын алған. Таңертең ерте болғандықтан көп адам ештеңені көрмеген, естімеген.

- 1957 жылы туған әйел бірнеше жерден салынған пышақ жарақатымен ауыр халде түсті. Қажетті медициналық көмек көрсетілді, әзірге жансақтау бөлімінде жатыр, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрбек ҮКІБАЕВ.

«АЖ» поштасына хабарласқан жергілікті тұрғындар сол оқиғадан бері үрей құшағында отырғанын жасырмайды.  

- Бұл жерде бәрі бір-бірін таниды. Ол әйел адамды жақсы танимыз. Полиция қылмыскерді әлі күнге таба алмай жатыр. Тағы кімге қандай қастық жасар деп, өзіміз үшін де, балаларымыз үшін де қорқа бастадық, - дейді тұрғындар.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу жүргізілуде, қылмыскерді ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары алынуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 тамыз 2021, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.