Атырау, 5 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Таксиге бірге мінген жолаушыны аяусыз тонады

Бейнежазба
2 352 рет қаралды


Атырауда қылмыскер 45 жастағы әйел адамға күш көрсетіп, ішінде 60 мың теңгесі бар сөмкесін тартып алған. Бұл бейнебақылау камерасына жазылып қалды.

Полиция қызметкерлері 26 жастағы қылмыскерді ізін суытпай ұстады. Әйел адам мен күдіктінің Вокзал маңы ықшам ауданынан Нұрсая ықшам ауданына бірігіп такси жалдап келгені, әйел жол ақысын төлерде байқаусызда ақшасын көрсетіп қалған соң тонамақ болғаны анықталды.

Атырау облыстық полиция департаменті хабарлағандай, осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы («Күш қолданып тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 тамыз 2021, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.