Атырау, 19 мамыр 05:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраудағы Covid-19: шілде мен тамыз өлім-жітім рекордын жаңартты

1 986 просмотра

Шілдеде Атырау облысында коронавирус пен пневмониядан көз жұму көрсеткіші биылғы маусыммен салыстырғанда 4,1 есеге артты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, шілдеде Атырау облысында Covid-19 бен пневмониядан 141 адам, маусымда 34 адам қайтыс болған. 

 

Шілдеде орташа есеппен күн сайын 4-5 адам көз жұмса, қазір тамызда бұл көрсеткіш екі есеге көбейді.

Соңғы екі күнде коронавирус пен пневмониядан 18 адам қайтыс болды.

  • 7 тамызда: 9 (пневмониядан 4, коронавирустан 5)
  • 8 тамызда: 9 (пневмониядан 1, коронавирустан 8).

Бұған дейін «АЖ» Атырау облысында 1-6 тамыз аралығында 65 адам қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Сонда 8 күнде 83 адам көз жұмыпты.

Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА

10 тамыз 2021, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.