Атырау, 28 наурыз 17:57
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ұрылар дүкенде емін-еркін жүрген

Бейнежазба
1 920 просмотра

Атырауда мини-маркеттен 200-ден астам банка бұқтырылған ет консервісін ұрлаған жергілікті екі тұрғын ұсталды. Дүкен иесіне жалпы сомасы 380 мың теңгеге жуық залал келтірілді.

Бұл жұп дүкенге күнде келіп, әр келген сайын бірнеше дана «Кублей» консервісін жайбарақат сөмкелеріне салып алып кетіп жүрген. Олар жетіспеушілікті тауарды кезекті түгендеуден кейін ғана байқайды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын қарай бастап, ұрылардың әрекетін көрген.

Полиция күдіктілердің екеуін де анықтады. Бірі - бұрын сотталған, ол ұсталды, екіншісі іздестіріліп жатыр. Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР  Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-тармағы («Ірі мөлшердегі ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.  

Айнұр САПАРОВА

10 тамыз 2021, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.