Атырау, 29 наурыз 15:26
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырау полициясы үшін ұнамсыз апта

1 769 просмотра

№2 қалалық соты бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған Атырау облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығына, сондай-ақ, оның орынбасары мен басқарма инспекторына үкім шығарды.

Айыптау нұсқасы бойынша, сотталушылар қызметкерлерге сыйақы тағайындауға және материалдық көмек көрсетуге бөлінген ақшаны иемденіп, қызметкерлерді аудандарға іссапармен жіберу туралы жалған бұйрықтар шығарып, іссапар шығындарын өздеріне қалдырған.

Үшеуі де ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 1- және 2-тармақтары (Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның бөтен адамдардың сеніп тапсырған бөтен мүлікті ірі көлемде жымқыруы) бойынша кінәлі деп танылды. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы Төлешов өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан және «полиция полковнигі» шенінен айырумен қатар, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Оның орынбасары Жомартов та дәл осындай жаза алды. Басқарма инспекторы Салахиденовке өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан және «аға полиция лейтенанты» шенінен айырумен қатар, 6,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кету керек, бұл соңғы аптада полиция қызметкерлеріне қатысты екінші үкім. Бірнеше күн бұрын ПД майоры мен капитаны өткізу мақсатында есірткі тасымалдағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

10 тамыз 2021, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.