Атырау, 17 тамыз 13:09
 дождьВ Атырау +27.6
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Ұсталған қызметкерлері үшін басшылық жазаланды

1 591 рет қаралды

Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің екі жедел қызметкері тергеудегі адамды азаптады деген күдікпен ұсталғаннан кейін олардың басшылығының жұмысында  жағымсыз жайттар орын алды.

- Қол астындағы қызметкерлердің жұмысына тиісті бақылау жасамағаны үшін Жылыой АПБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Таумұрынов қызметінен босатылды, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр БИГАЙДАРОВ. – Ал АПБ бастығы Досмағұлов пен оның орынбасары Бимұханов толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту алды.

Фархат ӘБІЛОВ

10 тамыз 2021, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.