Атырау, 10 қазан 19:26
 ашықВ Атырау +11
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Қалалық ТКШ бөлімі полицияға қарсы азаматтық істі жеңді

1 510 просмотра

Жақында сотта қызықты іс қаралды: Атырау облысының полиция департаменті қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлібек МҰХАНБЕТАЛИЕВТІ кейбір жол учаскелерін дұрыс күтпегені үшін кінәлі деп санап, сотқа талап арыз берді. Соңында полицейлер бұл істен ұтылып қалды.

Өткен аптада ПД баспасөз хабарламасын таратты. Онда, атап айтқанда: «Полиция департаментінің бұйрығын негізсіз орындамағаны үшін, қалалық сот ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-тармағына сәйкес, қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ә.Мұханбеталиевке 43755 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды».

Бірақ полицейлер білмеді немесе қулық жасады. Өйткені Мұханбеталиев жоғары сатыдағы сотқа шағым түсірді, сөйтіп, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы бұл шешімнің күшін жойды.

Белгілі болғандай, мұнайлы астананың бас коммуналдық кәсіпорны қала жолдарындағы кейбір ойдым-ойдым болып жатқан жерлер мен шұңқырларды бітеуі қажет болған. Тиісінше, мемлекеттік конкурс жарияланып,комиссия жеңімпаз компанияны анықтайды. Ал ол компания кейін белгіленген мерзімде қажетті құжаттарды тапсыра алмаған. Шенеунік болмай қалған мердігердің салғырттығы үшін жауап бермейді, деп ұйғарды облыстық сот.

Бұдан басқа, талапкердің өкілдері сотта Мұханбеталиевтің сұрағына жауап бере отырып, полицияның, атап айтқанда, қала маңындағы Геолог ықшамауданындағы апатты жағдай туғызбайтын кішкене шұңқырды бітеуге неге ұйғарым шығарғанын нақты түсіндіре алмады.

Нәтижесінде шенеунік біздің өңірімізде алғаш рет полиция ұйғарымының заңсыз екенін дәлелдеді.

Фархат ӘБІЛОВ

10 тамыз 2021, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.