Атырау, 18 мамыр 11:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда жаңа дилерлік орталықтар өз жұмысын бастады

PR
2 618 просмотра

«Астана Моторс» компаниясы Атырау қаласында Hyundai Center Atyrau  және Бавария Атырау дилерлік орталықтарын ашты. Жаңа автоорталықтар шаһардың қарқынды дамып келе жатқан Нұрсая ықшам ауданы, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан. Қос нысан да коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтай отырып, Ashyq бағдарламасымен жұмыс істейді.

Сонымен бүгінгі таңда мұнайлы өңірде «Астана Моторс» компаниясының төрт дилерлік орталығы халыққа қызмет көрсетуде. Осы орайда естеріңізге сала кетейік, таяуда ғана қаланың шығыс тарапында Subaru және Haval дилерлік орталығы ашылған болатын. Ақжайық жұртының енді көлік таңдауда мүмкіндіктері арта түсті. Неміс, жапон, қытай һәм Қазақстанда жасалған кәрістің кез келген автокөлігін еш қиындықсыз сатып ала алады.

Hyundai Center Atyrau-дың жалпы аумағы 2008 шаршы метрден асады. Екі қабатты ғимараттың 323 шаршы метрден астам шоурумы, 483 шаршы метрден асатын қызметтік алаңы бар. Бұл алаң кешенді техникалық қызмет көрсетуге арналған 7 көтергішпен жабдықталған. Автосалонда Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан шығарылатын Hyundai брендінің көліктері ұсынылған. Клиент өзі қалаған түсі мен жиынтықтарын таңдап, арнайы тапсырыспен алдыра алады.

«Соңғы жылдары Hyundai машиналарына сұраныс өте жоғары. Осы жылдың бірінші жарты жылдығында біз 12 000 астам жеңіл автокөлік шығарып, Қазақстан бойынша ең көп сатылатын автомобильдердің алғашқы үштігіне ендік. Атыраулықтар да Hyundai-мен жақсы таныс. Мысалы, өткен жылы облыста аталмыш марканың 759 жеңіл көлігі сатылды. Осы жылдың соңына дейін 1200-ден астамын сатуды жоспарлап отырмыз», – дейді «Астана Моторс» компаниясының Бас директоры Бекнұр Несіпбаев.   

465 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан Бавария Атырау автоорталығында BMW, MINI, Motorrad бренді ұсынылған. Дилерлік орталықтарда қызмет көрсету бекеті, қосалқы бөлшектер қоймасы бар, алдағы уақытта балаларға арналған ойын алаңы да салынады.   

Бавария Атырау автоорталығының қызмет көрсету алаңы кешенді техникалық қызмет көрсетуге арналған 2 көтергішпен жабдықталған. Онда агрегаттарды жинау, бөлшектеу, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жасалады. Орталыққа келушілер автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен аксессуарлардың түпнұсқасын да осы жерден сатып ала алады.

«Жаңа дилерлік орталықтар үздік автобрендтердің тәжірибесіне жүгіне отырып, халықаралық стандарттарға сай салынды және жабдықталды. Атырау облысы мен қаласындағы тұтынушыларымыздың жақсы жағдайда автокөлік сатып алу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштымыз», - дейді Бекнұр Несіпбаев.  

Клиенттер көліктің қай түрін болсын Mycar Finance, сонымен қатар Сбербанк, Еуразиялық банк арқылы несиеге рәсімдей алады. Trade-in бағдарламасымен темір тұлпарлардың ескісін жаңасына айырбастау мүмкіндігі де бар.

Жалпы «Астана Моторс» компаниясы еліміздегі автокөлік саласында ең ірі салық төлеушілердің бірі. 2020 жылдың өзінде компания мемлекет бюжетіне 29,4 млрд теңге салық төлеген. Сондықтан жаңа орталықтар Атырау облысының экономикасына да оң әсерін тигізеді. Қос нысанның ашылуымен 120 жаңа жұмыс орны пайда болып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды.

Дилерлік орталықтардың жұмыс уақыты, автокөліктер, бағдарламалар және өнімдер туралы толық ақпаратты 7007 телефон нөмеріне хабарласып, «Астана Моторс» байланыс орталығынан білуге болады. 

9 тамыз 2021, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.