Атырау, 18 мамыр 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Дронның көмегімен ереже бұзушыларды ұстады

1 350 просмотра

Атырауда тексерушілер дронның көмегімен карантинді бұзып, үйлену тойын жасағандарды анықтады.

8 тамызда қала әкімдігі жанындағы мониторинг тобына қала маңындағы Береке ауылында «Атамекен» демалыс базасында 90 адамға арналған той өтіп жатқаны туралы ақпарат түсті. База қаладан шамамен 10 шақырым жерде орналасқан.

- Мониторинг тобының мүшелері дронды әуеге көтеріп, шынымен де ол жерде көпшілік шара өтіп жатқанына көз жеткізіп, базаны бетке алды. База аумағында шамамен 70-90 қонақ жиналған үйлену тойы өтіп жатыр екен, той енді басталған. Той тоқтатылып, қонақтар үйлеріне таратылды, - деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Жазбаша түсініктемеде демалыс базасының 35 жастағы әкімшісі салтанат өткізу үшін орынажайды жалға беру арқылы карантин шектеулерін бұзғанын мойындады. Түсініктеме және толтырылған хаттама қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Жаза ретінде 230 АЕК (670 910 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Фархат ӘБІЛОВ

9 тамыз 2021, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.